ГЕРМАНИЯ МЕМЛЕКЕТІНІҢ САРАПШЫЛАРЫ СЕМИНАР ӨТКІЗУДЕ
«Senior Experten Service», «Аға сарапшылар қызметі» (SES) — зейнеткерлікке шыққан немесе еңбек қызметінен үзіліс жасайтын мамандар мен басшы қызметкерлерді басқа елдерге қоғамдық негізде жобаларға жіберетін Германия мемлекетінің жетекші ұйымы. Аталған ұйым
1983 жылдан бастап қызмет бүкіл әлемде, экономиканың барлық секторлары мен салаларында құзыреттіліктің дамуына ықпал етіп келеді.
Қызылорда медициналық жоғары колледжімен екі жақты келісімге сәйкес, қаламызға тәжірибелі мейіргер Урсула Клоц пен білікті акушер Клаудия Вайдеманн жұмыс сапарымен келді.
Сапарының басты мақсаты — Қызылорда медициналық колледж оқытушыларымен студенттерін мейіргерлік және акушерлік бағытта білімін жетілдіру. Екі күннен бері халықаралық сарапшылар колледжде семинар өтуде. Оған қаламыздағы медицина ұйымдарының мейіргерлері мен акушерлері де қатысуда.
Біліктілік арттыру семинары наурыз айының 20-на дейін жалғасады. Қатысушыларға халықаралық сертификат беріледі. Сондай-ақ мамандар Көпбейінді облыстық аурухананың акушерлік бөлімі мен облыстық перинаталдық орталық жұмысымен танысты.







