ТЕОЛОГ МАМАНМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Қызылорда облысының дін істері басқармасының
«Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог-маманы Бақтияр Оспанов колледж білім алушылары кездесті.
Кездесудің негізгі мақсаты – жастарға ұлттық құндылықтарды дәріптеу, дін мен дәстүр сабақтастығын сақтау және қоғамда рухани тәрбие жұмысын жандандыру.
Ғалым-теолог өз сөзінде жат ағымдардың жастарды тез соңына ертуі, одан жастардың мінезінде үлкен өзгерістер мен қатыгездік орын алатынын айтты. Ақша мен дүниеге қызықтыру арқылы қыз балаларды заңсыз некелеу, жалпы жастарды терроистік ұйымдарға тарту да алғашқы кезде алдап-арбау арқылы іске асырылады деді. Жихадшылық көзқараспен жауапқа тартылып, түрмеде жазасын өтеп жатқандар қаншама, сондықтан таза білімге ұмтылайық, егерде иманға бет бұрамын десеңіз мешіт имамдарынан кеңес алғандарыңыз жөн деді. Сонымен қатар, өзінің әлеуметтік парақшасында да жастардың тура жолға бағыттау мақсатында тікелей эфир жүргізетінін айтты.



