ТОПТЫҚ ТӨБЕЛЕСТЕН АУЛАҚ ЖҮР
Колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Сыргүл Молдраймова колледжде білім алушы 1, 2 курс студенттерімен кездесті.
Кездесудің мақсаты-кәмелетке толмағандар арасында болатын бірнеше қылмыстардың түріне және сол қылмыстарды болдырмау бойынша жастардың тарапынан не істелу керек деген сұрақтарға тоқталды. Қазір түнде заңды өкілінсіз жүрген жасөспірім көбеюде, себебі күн жылынды, бірақ түн мезгілі қылмыстық істердің көп болатын уақыты.
Топтық төбелес-соңы қайғылы жағдайларға әкеп жатады. Жасөспірімдерді курьерлік жұмысқа тартудың соңы наркотикалық заттарды тасымалдаумен өкінішті жағдайлар орын алуда. Қоғамдық мүлікті бүлдіру-вандализмде заң алдында жауапты. Интернет алаяқтар өршіп тұр, оғанда абай болуға шақырды. Сыргүл Тұтқабайқызы осы сынды құқықбұзушылықтардан сақтану, алдын-алу мақсатында ақпараттар берді.



