“Арнайы пәндер-2” бірлестігінің апталығы өтті.
Апталыққа қарасты пәндерге балалар аурулары, жұқпалы аурулар және неврология, психиатрия және наркология, дерматовенерология сияқты тар бейінді пәндер бар. Ашылу шарасында балалар аурулары оқытушысы, педагог-сарапшы Бердекешова Г.А. “Педиатриядағы жаңа тенденциялар” баяндамасында педиатрия саласындаға жаңа ақпараттармен таныстырып өтті.
Баяндама барысында колледж оқытушылары мен білім алушылар толғандырған сұрақтарға жауап тапты.
– Балалардың дамуына, өсуіне ананың ғана емес, сонымен қатар әкенің де бала дамуындағы рөлі;-Қазіргі уақытқа балалардағы жүйке-психикалық бұзылыс белгілері көбейген және бұзылыстарды ерте анықтап түзету жолдары айтылды;-Балаларға арналған балалар ауруханасына қарасты оңалту орталығы жұмыс жасауда;-Босанғаннан кейінгі депрессия көрсеткіштері көбеюде және осы көрсеткішті азайту мақсатында уақытылы депрессия белгілерін анықтап қажетті маманға жіберу;
– Әр емханада балалардың дамуына ерте қосылу барысындағы кабинеттер ашылатын болады, бұл кабинет маңыздылығы, бала өсіп келе жатқанда дамуының қалыпты болуын қадағалау және балалар арасында өлім-жітім көрсеткіштерін азайту мақсатында атқарылатын жұмыс жоспары атап өтті;