МЕРЕКЕ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
Құрметті жерлестер, ардақты ардагерлер, аяулы ұстаздар, қымбатты студенттер!
Сіздерді 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
«Бірлік бар жерде тірлік бар» дейді дана халқымыз. Біздің мемлекетіміздің басты жетістігі – еліміздің халықтарының ұлтаралық және конфессияаралық келісімі, өзара түсіністігі мен сыйластығы және бірлігі.
Бұл мереке бірліктің, татулықтың ерекше көрінісі.
Татулық – біртұтас халықтың ерекше байлығы, баға жетпес қазынасы екені шындық. Қашан да татулығымыз тарқамай, бірлігіміз бекем болсын.
Мереке баршаңызға құт-бірлік сыйласын!
Дендеріңіз сау, отбасыларыңыз аман болсын!
Ізгі тілекпен, Жанар ҚАЛМАҚОВА
