РУХАНИ ӘЛЕМГЕ БАСТАҒАН КОНФЕРЕНЦИЯ
Қызылорда медициналық жоғары колледжінде «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында І курс білім алушылары арасында «Ұлтын сүйген ұлыларға – 130 жыл» тақырыбында колледжішілік ғылыми-теориялық конференция болып өтті.
Конференцияның мақсаты — студенттерді ұлт тарихын оқи отырып, ондағы ұлы тұлғалар бейнесін оқып үйрену арқылы ізгілендірілген қоғамдық өмірге ілесе алатын, бәсекеге қабілетті ойшыл, шығармашыл жаңа ұрпақты қалыптастыру, ұлы тұлғаларымыздың тарихтағы алар орнын ұғындыру. Қоғамның даму кілті білімді адамдардың жаңаша қызмет атқаруын керек ететін болашақ қоғам мүшелеріне білім мен тәрбие беруді жүзеге асыратын мамандар дайындау.
Студенттерді зерттеу жұмысына тарту. Жастар бойында патриоттық сезімді қалыптастыру. Конференция жұмысының негізгі бағыттары: Ақын, қазақ әдебиетінің негізін қалаушы Ілияс Жансүгіровтың туғанына 130 жыл;
Мемлекет және қоғам қайраткері Сұлтанбек Қожановтың туғанына 130 жыл;
Мемлекет және қоғам қайраткері Сәкен Сейфуллиннің туғанына 130 жыл;
Қазақ классигі, драматург Бейімбет Майлиннің туғанына 130 жыл;
Мемлекет және қоғам қайраткері Тұрар Рысқұловтың туғанына 130 жыл. Конференция қорытындысы бойынша білім алушылар жүлделі орындарды иеленіп «Дипломдар» мен «Алғыс хаттармен» марапатталды.






