ЗИЯНДЫ ӘДЕТТЕРДЕН АУЛАҚ БОЛ!
Қызылорда медициналық жоғары колледжінде Қоғамдық даму басқармасымен Қызылорда облыстық ҚХА жанындағы Ақпараттық түсіндіру тобы жастармен ашық пікір алмасу алаңын құрды.
Онда жастар арасында кең таралып бара жатқан аса қауіпті мәселелер – нашақорлық пен ойынқұмарлықтың зардаптары сөз болды.
Кездесуге «Қоғамдық келісім» КММ директоры, АТТ мүшесі Бақытжан Камалов, бөлім басшысы Нұргүл Дүйсебаева, сондай-ақ колледж студенттері қатысты. Жиында зиянды әдеттердің денсаулыққа, психикаға, отбасылық қарым-қатынас пен болашақ мансапқа тигізетін кері әсері нақты мысалдармен түсіндірілді.
Колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Молдараймова Сыргүл Тұтқабайқызы ұйымдастырушыларға алғыс білдіре отырып, мұндай кездесулердің тәрбиелік, алдын алу маңызы зор екенін жеткізді.



