МЕЙІРГЕРЛЕР БАЙҚАУДА БАҚ СЫНАДЫ
Қызылорда медициналық жоғары колледжінің
Мейіргер ісінің негіздері пәні бойынша «Мейіргер ісі», «Емдеу ісі», «Акушер ісі», «Стоматология» бөлімінінің 1-2 курс студенттері арасында «Менің дағдыларым, менің жетістігім» колледжішілік байқауы өтті.
Мақсаты — Мейіргер ісі, Емдеу ісі, Акушерлік ісі, Стоматология мамандығы бойынша I және II курс білім алушыларының мейіргерлік дағдылары бойынша, іс машықтарының нақты және тұрақты жылдамдыққа дейін жеткізуді қалыптастыру.
Қаладағы облыстық ауруханалар мен емхана мейіргерлері әділ-қазылық етті.
І КЕЗЕҢ «Үй тапсырмасы». Білім алушылар қазіргі заманға сай заманауи мейіргердің көмекші құралы бола алатын макет дайындап келуі тиіс немесе презентация.Сонымен қатар әр топ өз жұмыстарын таныстыра отырып,оның медицинаға алып келетін пайдасын түсіндіру.
ІІ КЕЗЕҢ «ҚОЛ ЖУУ ТЕХНИКАСЫ». Білім алушылар ҚР ДСМ 2022 жылғы 2 желтоқсанында ұсынған №151 бұйрыққа сәйкес қол жуу техникасын көрсетіп,бір реттік қолғапты киеді.
ІІІ – кезең ТӘЖІРИБЕЛІК ДАҒДЫЛАРДЫҢ ОРЫНДАЛУЫН БАҒАЛАУ
«Сиам егіздері». Әр топтан сайысқа түсетін 2 студент бірігіп, берілген иньекция түрін орындайды. Бір студент оң қолымен,екінші студент сол қолымен бірігіп,берілген тапсырманы бірге орындап шығуы тиіс.Тәжірибелік дағдылардың орындалуын көрсету және бағалау оқу орнының акт залында жүргізіледі. Әрбір қатысушыға инфекциялық қауіпсіздікті сақтау, дағдының МЖМБС Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына, «Мейіргердің кәсіби тәжірибесіне сәйкестік бойынша нұсқаулық» “Мейіргер ісінің негіздері” пәні бойынша тәжірибелік дағдыларды көрсетеді.
Әділ қазылар үш кезеңдегі студенттердің білімі мен ізденісін бағалады. Нәтижесінде Бас жүлде – М-128 топ студенттеріне бұйырды.
1 орын- М-127 топ
2 орын- М-113, М-114
3 орын- Е-126 , Д-117 марапатталды. Жеңімпаздар мен Дипломмен марапатталды.
Ұйымдастырушылар: «Арнайы мейіргер ісі негіздері» пәндері оқытушылары: Махмут Қылышбек,Дастан Азамат,Қындыбай Айгерім






