БЕЛСЕНДІ ҚАТЫСҚАН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР МАРАПАТТАЛДЫ
Баршаңызға белгілі Қызылорда медициналық колледжінде «Қазақстан Республикасында тәуелсіз мейіргерлік қызметтің озық тәжірибелерін енгізу» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция жоғары деңгейде өтті.
Оған Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Қазақстандағы Елдік кеңсесінің басшысы Скендер Сыла, онлайн режимде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Еуропалық аймақтық бюросының директоры Ханс Клюге, Германия, Қырғызстан, Латвия, Өзбекстан, Ресей, Түркия, Финляндия мемлекеттерінің өкілдері, ғалымдар, барлық өңірдің денсаулық сақтау басқармасының басшылары, дәрігерлер, мейіргерлер, медициналық оқу орындары мен клиника басшылары қатысқан болатын.
Бүгін колледж директоры Жанар Амангелдіқызы бір топ қызметкерлерге Денсаулық министрі Ақмарал Шәрібайқызының Құрмет Грамотасымен мен басқарма басшысы Олжас Ермекұлының Алғыс хатын табыс етті. Жауапты шараны жоғары деңгейде өткізуге күн-түн демей, белсенді қатысқан барша әріптестеріне алғысын білдірді.
Ұжым қызметкерлері тек ұйымдастырып қана қоймай, халықаралық тәжірибе жинап, тәуелсіз мейіргерлік қызметті дамыту, орта медициналық қызметкерлердің басқарушылық, сараптамалық, клиникалық құзыреттілігін нығайту бойынша өз тәжірибелерін де бөлісіп әрі білімдерін шыңдады. Конференция нәтижесінде Қызылорда медициналық жоғары колледжінің директоры, медицина ғылымдарының кандидаты Қалмақова Жанар Амангелдіқызының бас редакторлығымен «Қазақстан Республикасына Тәуелсіз мейіргер ісінің озық тәжірибелерін енгізу» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдар жинағына бір топ оқытушының еңбектері жарық көрді.
Әріптестерімізді марапаттарымен құттықтап, ұжымның ынтымағы мен бірлігі арта берсін деп тілейміз!







