ӘЛЕУМЕТТІК-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТРЕНИНГ ӨТТІ
Қызылорда медициналық жоғары колледжінде «Бақытты балалық шақ» тақырыбында әлеуметтік-психологиялық тренинг өтті.
Әлеуметтік-психологиялық тренинг бірлескен психологиялық жұмыстар аясында 1-2 курс білім алушыларына арналды. Тренингті колледждің психолог маманы Жансәуле Ашимова жүргізді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – білім алушыларға өздерінің бірегей тұлға екенін сезіндіру, адами құндылықтарды бағалауға үйрету, бойларындағы жақсы қасиеттерді тануға көмектесу. Сонымен қатар, тренинг барысында қарым-қатынас мәдениетін жақсартуға, адамгершілікке, мейірімділікке тәрбиелеуге және өз-өзіне деген сенімділікті арттыруға баса назар аударылды.
Тренинг барысында:
• «Менің көңіл-күйім»,
• «Кім жылдам?»,
• «Есте қалған қызықты оқиға»,
• «Тыңдай білу іскерлігі»
сияқты түрлі психологиялық жаттығулар қолданылды.
Тренинг өз мақсатына жетіп, студенттерге жағымды эмоционалдық әсер қалдырды. Бұл жаттығулар білім алушылардың көңіл-күйін көтеріп, бір-бірімен ынтымақтастықта әрекет етуіне, ауызбіршілікті сезінуге және сабаққа деген ынтасының артуына оң әсер етті. Олардың жан-жақты дамуына, тұлғалық қасиеттерінің қалыптасуына ықпал етеді.

