«ЕСІРТКІНІ ЖАСЫРЫП КЕТУШІ ДЕГЕН КІМ?»
Облыстық білім басқармасының нашақорлықтың алдын алу бағытындағы жоспарына сәйкес бүгін колледж білім алушылары үшін «Есірткіні жасырып кетуші деген кім?» тақырыбында маңызды кездесу ұйымдастырылды.
Кездесуге Қызылорда қалалық полиция басқармасы Жергілікті полиция қызметі бөлімінің Ювеналды полиция тобының учаскелік полиция инспекторы, полиция лейтенанты Н. Өмірзақ қатысты.
Шара барысында полиция қызметкері жастар арасында есірткі бизнесіне, әсіресе “жасырып кетуші” (курьер) ретіндегі заңсыз әрекеттерге қалай тартылатыны, олардың қомақты ақшаға қызығып, ауыр қылмыстық жауапкершілікке тартылып жатқан нақты мысалдары туралы айтты. Сондай-ақ, күдікті сайттарға кірмеу, бейтаныс адамдармен байланыс жасамау, интернет арқылы ұсынылған “жұмыстарға” сақ болу сияқты сақтық шаралары туралы кеңестер берілді.
Кездесу жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, есірткіден сақтандыру және салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығын түсіндіру мақсатында өтті.



