«KITAP TIME-2025» ФЕСТИВАЛІНДЕ АЛҒЫС ХАТПЕН МАРАПАТТАЛДЫ
«Қала күні» мерекесі аясында Орталық алаңдағы «Өнер арбатында» Қызылорда қаласының астана болғанына 100 жыл толуына орай «KitapTime-2025» ІV жалпы республикалық кітап фестивалі өтті.
Ауқымды шараға Қызылорда медицина колледжіндегі оқырмандар да қатысты. Кітапхана меңгерушісі Айнұр Раманқұлова, кітапханашы Феруза Жанаева «Алаштың Астанасы – Қызылорда» тақырыбында кітап көрмесіне колледждің оқытушыларының еңбектері, оқулықтары және көркем әдебиеттерді қойды.
Көрмені тамашалауға колледждің “Емдеу ісі” бөлімі 1-курс – 62 топ қатысты. Жетекшісі: Әлиакбар Қамарсұлу Махмутқызы. Шара соңында Қызылорда медициналық жоғары колледж ұжымы Қызылорда қаласы әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталды.





