МАМАНДАР ҰЖЫМДЫҚ ОҚЫТУ ӨТКІЗДІ
Колледж оқытушылары мен қызметкерлеріне арналған «Нашақорлық пен есірткінің заңсыз айналымының алдын-алудағы педагогтың ролі» тақырыбындағы ұжымдық оқыту болып өтті.
Ұжымдық оқытуды заңгер Т.Нұрымбетов, қауіпсіздік бөлімінің басшысы Сейт А. жүргізді.
Мамандар жыл сайын Мемлекет басшысы есірткінің заңсыз айналымына қарсы іс-қимылға баса назар аударатынын айтты. Олардың заңсыз айналымы үшін жауапкершілік күшейтіледі, қылмыстық заңнамаға қылмыстардың жаңа құрамы енгізіледі. Айта кету керек, көптеген жастар мен студенттер есірткі сатушылардың құрығына түсіп жатқанын жасырмады.
Осы мәселеде педагогтардың оқу-тәрбие процесінде пәрменді жұмыстарының маңызы зор деп атап өтті.
Сала мамандары сұрақтарға жауап беріп, бірлескен іс-шараларға дайын екендіктерін жеткізді.




