«ЭЛЕКТРОНДЫ ТЕМЕКІ: СӘНДІ ӘДЕТ ПЕ, ЖАСЫРЫН ҚАУІП ПЕ?»
Қызылорда медициналық жоғары колледжінің «Мейіргер ісі» мамандығының «Қолданбалы бакалавриат» бөлімінің 3-курс ҚБ-130 топ білім алушылары «Денсаулықты нығайту» модулі аясында симуляциялық сабақтың бір күнін қаламыздағы Ә. Құдабаев атындағы №197 орта мектепте өткізді.
Модуль оқытушысы Жұмашева Светлана Абаевнаның ұйымдастыруымен өткен тәрбие сағатының тақырыбы – «Электронды темекі: сәнді әдет пе, жасырын қауіп пе?»
Сабақтың мақсаты:
• Электронды темекінің пайда болу тарихы мен таралу жолдарын түсіндіру;
• Оның денсаулыққа әсері мен жасөспірімдер арасындағы қауіптерін ашып көрсету;
• Жауапты таңдау мен салауатты өмір салтын ұстанудың маңызын ұғындыру.
Іс-шара барысында колледж студенттері оқушыларға электронды темекі жайлы қызықты мәліметтер ұсынып, зиянды әдеттің алдын алу жолдарын талқылады.
Сабақ соңында оқушылар мен мұғалімдер өз әсерлерін Padlet.com платформасы арқылы бөлісіп, осындай мазмұнды кездесулердің жиі ұйымдастырылуын ұсынды.
№197 мектеп директорының орынбасары Айжан Қаюпова пайдалы дәріс үшін ризашылығын білдірді.


