«Қоғамдық-гуманитарлық пәндер апталығы»
«Оқуға құштар колледж» жобасы аясында
«Оқуға құштар колледж» жобасын жүзеге асыру мақсатында колледжде «Қоғамдық-гуманитарлық пәндер бірлестігінің апталығы бастау алды. Апталықтың ашылу шарасы «Қайсар қыз – Жадыра» тақырыбында өтті.
Іс-шараны Қазақстан тарихы және қазақ әдебиеті пәндерінің оқытушылары бірлесе ұйымдастырды. Шараға «Мейіргер ісі» – 41 топ және «Стоматология» – 33 топ студенттері қатысып, Жадыра есімді кейіпкердің өмір жолы мен адамдық қасиеттері туралы әсерлі әңгіме өрбітті. Сонымен қатар студенттер мәнерлеп оқу шеберліктерін көрсетті.
Биылғы «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында таңдалған бұл тақырып өмір сынағына мойымай, табандылық пен еңбектің арқасында жетістікке жеткен тұлғаның үлгісін дәріптейді. Шараның негізгі мақсаты – студенттерге қайсарлық, еңбекқорлық және отансүйгіштік қасиеттерін насихаттау.

