«ОҚУҒА ҚҰШТАР КОЛЛЕДЖ – 2025» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРІ
Қызылорда облысының білім басқармасы әдістемелік орталығы өскелең ұрпақтың оқу сауаттылығын арттыру, кітап оқуға деген қызығушылығын ояту, оқу мәдениетін қалыптастыру, көркем шығармаларды насихаттау, сондай-ақ кітапханаға келуші оқырмандар санын арттыру мақсатында «Оқуға құштар колледж – 2025» облыстық сырттай байқауын ұйымдастырды.
Онда аймақтағы колледждер кітапханагылары арасында «Оқуға құштар колледж» жобасы аясында озат тәжірибелерді анықтап, үздік жұмыстарды насихаттады.
Кітапханашылар күніне орай өткен байқау қорытындысы бойынша: Қызылорда медициналық жоғары колледжінің кітапханашысы Жанаева Феруза Қуантканқызы – оқу жүйесін пәндермен ықпалдастыру бағытында жүйелі жұмыс жүргізгені үшін III орын иеленді.
Жеңімпаз бағалы сыйлықпен және сертификаттармен марапатталды.
Қ Ұ Т Т Ы Қ Т А Й М Ы З!![]()











