ҰЛТТЫҚ МЕРЕКЕ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
Ардақты сала ардагерлері, ұлағатты ұстаздар, ата-аналар, студенттер!
Баршаңызды ұлы мереке — Республика күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Бұл күн — еліміздің еркіндігі мен тәуелсіздігін паш еткен, мемлекетіміздің еңсесін көтерген тарихи мереке. 1990 жылғы 25 қазанда қабылданған Қазақстан Республикасының Егемендігі туралы Декларациясы — халқымыздың өз тағдырын өзі айқындауға бағытталған батыл қадамы болды.
Республика күні – еліміздің өсіп-өркендеу жолындағы ерекше маңызды мереке. Бұл күн әрбір азаматтың бойында отаншылдық сезімді күшейтіп, Отан алдындағы жауапкершілікті арттырады, бірлік пен татулыққа шақырады.
Сіздерге зор денсаулық, амандық, бейбіт өмір және шығармашылық табыс тілейміз!
Еліміз аман, жұртымыз тыныш, тәуелсіздігіміз мәңгі болсын!
Ізгі ниетпен: Жанар ҚАЛМАҚОВА,
Қызылорда медициналық жоғары колледжінің директоры










