ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ КОНФЕРЕНЦИЯҒА ҚАТЫСТЫ
Латвия мемлекетінде Латвия университеті Рига I медициналық колледжінде «Тұрақты және тұтас денсаулық сақтау» атты Халықаралық конференция өтті.
Мақсаты тәжірибе алмасу, профессор – оқытушылар құрамының ынтымақтастығын арттыру. Онда Латвия, Чехия елдерінің ғалымдарымен бірге Қызылорда Жоғары Медициналық Колледжінің оқытушысы Зейнебей Гүлзира Ермұратқызы да еліміздің атынан қатысты.
Ол «Халықаралық озық тәжірибелер: Мейіргер ісінде озық тәсілдерді енгізу» тақырыбында баяндама жасады. Ғалымдардың тәжірибесін түйіп, біліктілігін арттырды.
Қызылорда медициналық жоғары колледжі халықаралық байланыстарды нығайтты. Нәтижесінде оқытушылар мен студенттер медицинасы озық елдерде білім алып, тәжірибе жинап жүр.













