«ӨЗ КӨЗІҢМЕН КӨР» акциясы жалғасуда
Қызылорда медициналық жоғары колледжінің 22 білім алушысы Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына (Тасбөгет кенті) барып, сот мамандарымен кездесті.
Шара барысында мамандар жастар арасындағы құқықбұзушылық пен қылмыс санының арту себептері, кәмелетке толмағандарға қатысты сот процестерінің өту тәртібі туралы жан-жақты түсіндірме берді.
Акцияның мақсаты – жастарды қылмыстан сақтандыру, құқықтық сауаттылықты арттыру және құқықтық мәдениетті қалыптастыру.












