ЖАСТАР ҚҰҚЫҚҚОРҒАУ САЛАСЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ
«Достық үйінде» ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің бөлім аға прокурорлары мен прокурорлары колледж білім алушыларына облысымыздағы ЕРАП – Әкімшілік іс жүргізудің бірыңғай тізілімі порталы туралы кең көлемді ақпарат берді.
Кездесу барысында қазіргі таңда құқық қорғау органдарындағы барлық жаңалықтар, елімізде орын алған қылмыстар жөніндегі мәліметтер, сондай-ақ құқықтық сұрақтарға берілетін жауаптардың барлығы цифрландырылғаны айтылды. Президентіміздің «Еститін үкімет» тұжырымдамасына сәйкес бұл саланың 95 пайызы бүгінде толық цифрландырылған.
Мамандардың түсіндіруінше, ҚР әрбір азаматы өз ЭЦҚ қолтаңбасын пайдаланып Egov.kz, Kamqor.gov, E-otinish және өзге де порталдарға кіріп, қажетті мәліметтерді ала алады.
Кездесу соңында прокуратура қызметкерлері жастарды қылмыстан сақ болуға, құқықтық сауаттылықты арттыруға және цифрлық мүмкіндіктерді тиімді пайдалануға шақырды.














