Республикалық ғылыми-практикалық конференцияда жүлделі орындар иеленді
Республикалық ғылыми-практикалық конференцияда жүлделі орындар иеленді
Қызылорда облысының білім басқармасы, Қызылорда облыстық оқу орталығы (әдістемелік кабинет) және М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжі жанындағы әдістемелік бірлестіктің ұйымдастыруымен кәсіптік-техникалық білім беру ұйымдарының білім алушылары арасында «Б.Момышұлы шығармалары – патриоттық тәрбиенің қайнар көзі» тақырыбында республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті.
Аталған конференцияға Қызылорда медициналық колледжінің 1-курс студенттері «Б.Момышұлы шығармаларындағы патриоттық тәрбие» бағыты бойынша қатысып, жүлделі орындарға ие болды.
Атап айтқанда:
• II орын – «Емдеу ісі» бөлімі, 52-топ студенті Сағынбаева Іңкәр Сәбитқызы, ғылыми жетекшісі Әлиакбар Қамарсұлу Махмұтқызы;
• III орын – «Мейіргер ісі» бөлімі, 40-топ студенті Жеткерген Әсет, ғылыми жетекшісі Абызова Әлия Маханбетжанқызы.
Жеңімпаз студенттер мен ғылыми жетекшілерді жетістіктерімен құттықтаймыз!












