ИНФОРМАТИКА ПӘНІ БОЙЫНША «SMART ТЕХНОЛОГИЯ – БОЛАШАҚ ДӘРІГЕРДІҢ КӨМЕКШІСІ» КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ
Конференция барысында әр топтан 6 студент қатысып, информатика пәнін медицина саласымен байланыстыра отырып, өз жобалары мен презентацияларын қорғады. Қатысушылар заманауи SMART технологиялардың медициналық тәжірибедегі рөлін нақты мысалдар арқылы көрсетті.
Студенттер өз жұмыстарын жоғары деңгейде, сенімді әрі мазмұнды түрде қорғап шықты. Ұсынылған идеялар мен жобалар қатысушылар тарапынан қызығушылық тудырып, белсенді талқылауға ұласты.









