ЖАҢА ЖЫЛ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
ЖАҢА ЖЫЛ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
Ардақты әріптестер, ата-аналар, студенттер!
Баршаңызды келіп жеткен жылқы жылымен құттықтаймын! Жылқы – еркіндіктің, батырлықтың, адалдық пен сұлулықтың символы.
Қазақ халқы жылқыны төрт түліктің төресі деп қадірлеген. Ат – ер қанаты, батырдың ел қорғаудағы сенімді серігі болған. Халқымыздың рухын сездіретін қасиетті жануар.
Бұл жыл біздің іргелі ұжым үшін, береке мен ынтымақтың, табыс пен жетістіктің жылы болсын!
Білім алып жатқан жастарымыздың арман мақсаттары орыналсын! Ауқымды істер мен биіктерден көрінейік. Баршаңызға зор денсаулық, шаңырақтарыңызға шаттық, бақыт тілеймін!
ЖАҢА ЖЫЛДАРЫҢЫЗБЕН!
Ізгі ниетпен: Жанар ҚАЛМАҚОВА
Қызылорда медициналық жоғары колледж директоры










