Ашық сабақ өтті
Математика пәні оқытушысы Акмурзаева Алмагуль Кожабергеновна «Емдеу ісі» бөлімінің 1 курс, 60-топ білім алушыларымен «Күрделі функцияның туындысы» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Сабақ барысында білім алушылар Kazmath платформасы арқылы 4 топқа бөлініп, белсенді жұмыс жасады. Сабақты жоспарлау кезінде құзыреттілікке бағытталған оқытуды қамтамасыз ететін «Scaffold» карточкалар жиынтығы тиімді қолданылды.
Өтілген тақырыпты қайталау мақсатында «Миға шабуыл» әдісі ұйымдастырылып, Quizizz платформасы арқылы тест тапсырмалары орындалды. Жаңа тақырыпты меңгерту кезеңінде «Кім жылдам?», тақтамен жұмыс, сондай-ақ Wordwall платформасындағы «Кездейсоқ дөңгелек» тапсырмалары қолданылды.
Сабақты бекіту барысында деңгейлеп оқыту технологиясы енгізіліп, білім алушыларға деңгейлік тапсырмалар ұсынылды. Сонымен қатар, білім алушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру мақсатында PISA форматындағы тапсырмалар беріліп, топтық жұмыс ұйымдастырылды.
Сабақ мазмұнды, заманауи технологияларға негізделген және білім алушылардың пәнге қызығушылығын арттыруға бағытталды.









