ДӘСТҮРЛІ СПАРТАКИАДА ӨТТІ
Қызылорда медициналық колледжі қызметкерлері арасында ұйымдастырылған бөлімаралық дәстүрлі спартакиада өтті. Онда қызметкерлер арқан тарту және волейбол, эстафета жарыстарына командаларымен қатысты. Сайыс тартысты, көңілді әрі ұйымшылдыққа толы болды.
Жарысты дене тәрбиесі пәнінің оқытушылары ұйымдастырып, әділ төрешілік жасады.
Үш спорт сайысының жалпы командалық есебі бойынша,
Емдеу ісі бөлімі — 1-орын
Мейіргер ісі Бакалавр бөлімі — 2-орын
Фармация бөлімі — 3-орын
Әкімшілік — 4 орын иеленді.
Жеңімпаздарды марапаттау сәтіне колледж директоры Жанар Қалмақова мен директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Бақыт Егізбайқызы да қатысты. Жүлделі орын алған командаларға кәсіподақ ұйымы атынан қаржылай сыйлық табыс етілді. Барлық қатысушыларға белсенділік пен командалық рух үшін алғыс білдіреміз! ![]()
Жеңімпаздарды құттықтаймыз! Спорт – бірлік пен сергектіктің кепілі!









