Психологиялық жағымды қарым-қатынас күні
Қызылорда медициналық жоғары колледжінде психологиялық апталық аясында 1 курс студенттеріне арналған мазмұнды тренингтер ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты — білім алушылардың эмоционалдық сауаттылығын арттыру, өзара сыйластық пен қауіпсіз орта қалыптастыру.
«Менің эмоцияларым» тақырыбында студенттер өз сезімдерін тану және басқару жолдарын үйренді.
«Буллинг және кибербуллингтің алдын алу» тренингінде жағымсыз әрекеттердің алдын алу, қорғану тәсілдері түсіндірілді.
«Дос болайық бәріміз» атты сергіту тренингі қатысушылар арасында жылы қарым-қатынас орнатып, ұйымшылдықты нығайтты.
Тренингтер студенттердің белсенді қатысуымен өтіп, пайдалы пікір алмасуға ұласты.

















