ҰЛТТЫҚ МҰРА ЖӘНЕ СЕЗІМТAL СҰЛУЛЫҚ: «БОЙТҰМАР» КЛУБЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ СӘТТЕРІ
Медициналық жоғары колледжінің «Емдеу ісі» мамандығының 71-топ қыз балалары «Анаға тағзым» орталығындағы «Бойтұмар» қыздар клубының арнайы шығармашылық сабағына қатысып қайтты. Саяхаттың мақсаты – бойжеткендердің шығармашылық қабілетін ұштап, салт-дәстүрімізді дәріптеу.
Шеберлік сыныбында қыздар мынадай кезеңдерді меңгерді:
• Сәндік кілемшенің ерекше үлгілерін таңдау;
• Жіптердің түсін өзара үйлестіріп, эстетикалық талғамды қалыптастыру;
• Тоқу әдісіне сай бастапқы қатарды өру және негізгі өрнекті бізбен тоқу;
• Дайын бұйымның шеттерін өңдеп, сәндеу және безендіру.
Тәрбиелік мәні мен пайдасы:
Бізбен тоқу өнері оқушыларды ұқыптылыққа, төзімділікке және еңбекқорлыққа баулиды. Сондай-ақ, бұл жұмыс қыздардың зейінін шоғырландырып, өз бетінше шығармашылық шешім қабылдау қабілетін дамытуға септігін тигізді. Студенттер ұлттық өнердің қыр-сырына қанығып, рухани азық алды.













