ЖИТС-пен күрес күні

20.05.2024 жылы сағ 10:00 Қызылорда қаласының ЖИТС орталығында «Ашық есік» күні болып өтті. 19 Мамыр-Дүниежүзілік ЖИТС-тен қайтыс болғандарды еске алу күніне орай, орталық жұмыстарымен және алдыну алуда профилактикалық жұмыстар жүргізілді. Кездесуге ЖИТС орталығының маманы, Эпидемологиялық қадағалау бөлімінің меңгерушісі С.Ш.Балықбаева, колледждің 1 курс білім алушылары, колледж жастар комитеті, топ жетекші қатысты. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының шешімі бойынша жыл сайын мамыр айының үшінші жексенбісінде дүние жүзінде еске алу күні өткізіледі. Биылғы жыл 19-шы мамырға келіп тұр. Бұл күннің негізгі мақсаты: ЖИТС-тен қайтыс болғандарды еске алу. АИТВ және ЖИТС-пен өмір сүретіндерге қолдау көрсету, санамызды өсіру; АИТВ/ЖИТС пен байланысты ойды өзгерту, қоғамды сонымен күресуге жұмылдыру.АИТВ инфекциясы алғашқы сатысында –ақ алдын–алу жұмыстарын жүргізуді қажет ететін ауру. Бұл жерде жалғыз жол-өмір бойы вирусқа қарсы ем алу қажет жайында жалпы кеңестер берілді.

Жалпы «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздеген дұрыс болар. Дені сау ұрпақ-еліміздің жалғасы, болашағы.

You may also like...