ЛАТВИЯ МЕМЛЕКЕТІ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРГЕ ЖОЛ АШТЫ
2024 жылдың сәуір айында Қызылорда медициналық жоғары колледжі Латвия мемлекетіндегі Рига медициналық колледжімен Евроодақ деңгейіндегі меморандумға қол қойған болатын. Осы меморандумның аясында 2 желтоқсанда облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Олжас Искаков, облыстық көпбейінді ауруханасының бас дәрігері Жасұлан Баймаханов және колледжіміздің директоры Жанар Қалмақова Латвия елінде өткен халықаралық конференцияға қатысты.
Конференция бағдарламасында көрсетілгендей Словакия, Молдавия, Болгария т.б. елдердің медицина мамандары алдында колледж директоры Жанар Амангелдіқызы баяндама жасады.
Сондай-ақ, іс-сапар барысында медициналық білім мен тәжірибе алмасу мақсатында Латвияның емдеу мекемелерінде болды. Меморандум аясында осы оқу жылының ІІ семестрінде біздің білім алушыларымыз академиялық ұтқырлық мақсатында Рига медициналық колледжінде оқуын жалғастырмақ.