ТОҒЖАН ТОП ЖАРДЫ
”Өрлеу” біліктілікті арттыру ұлттық орталығы мен “Болашақ” жоғары медициналық колледжі және Қызылорда облысы бойынша кәсіби даму институты ТжКББ ұйымдары білім алушылары арасында “Жасанды интеллект: жаңа мүмкіндіктер” тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді.
Емдеу ісі 132-топ студенті Омар Тоғжан “Білім алудағы цифрлық технологиялар және жасанды интеллект” тақырыбында өз жұмысын қорғады. Білім алудағы жаңа жасанды интеллект тақырыбы көпшілікті ерекше қызықтырды. Жобаның басты ерекшелігі Merge Cube әдісінің тиімділігі. Бұл білім беру мен ойын-сауық саласында қолданылатын технологиялық құрал. Ол виртуалды шындық (VR) және кеңейтілген шындық (AR) мүмкіндіктерін пайдалануға мүмкіндік беретін ерекше куб. Жасанды интеллект (AI) осы технологиямен біріктірілгенде, мүмкіндіктері едәуір кеңейеді.
Медициналық қолдану аясы да кең. Мысалы
AI технологиясын қосқанда, Merge Cube күрделі анатомиялық құрылымдарды визуализациялау үшін қолданылады. Сонымен қатар, хирургияны үйрету үшін виртуалды ортада дене мүшелерін зерттеу жүргізіледі. Яғни құрылғы дене мүшелерді виртуалды көрсетіп,бейнені оқуға мүмкіндік береді.
Еліміздің 17 оқу орнынан білім алушылар қатысқан ауқымды сайыста Тоғжан өзінің жаңашыл идеяларымен топ жарды. Тоғжанмен жетекшісі Асайынова Үмітай Тұралықызын жүлделі II орынды жеңіп алуымен құттықтаймыз!