«SMART USTAZ —2025»
ҚЫЗЫЛОРДА МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖІНДЕ «SMART USTAZ — 2025» ЖАС ОҚЫТУШЫЛАР МЕН ТӘЛІМГЕРІНІҢ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ БАЙҚАУЫ ӨТТІ.
Байқаудың мақсаты — жас оқытушылар мен тәлімгерлердің тиімді тәжірибесін анықтау, қолдау және жас оқытушыларды педагог ретінде қалыптастыру және бейімдеу. Сонымен қатар, колледждің білім беру жүйесінде тәлімгерлік беделін арттыру, тәлімгерліктің инновациялық тәжірибесін дамыту.
Әдістемелік бөлім ұйымдастырған байқауға Айжанова Гүлназ Сейітханқызы жетекшілік ететін “Жас маман” мектебінің мүшелері 5 жас маман мен оларға директордың бұйрығымен бекітілген тәлімгерлер қатысты.
ІІІ кезеңнен тұрған байқаудың бірінші кезеңі іскерлік карта. Жас оқытушы мен тәлімгерінің таныстыру кезеңінде өздерін маман ретінде таныстырып, мамандығы, пәні, оқыту процесінде қолданатын технологиясы, әдіс-тәсілдері туралы креативті ұсыныстарын айтты. Педагогикалық тәжірибе қоржыны кезеңінде тәлімгер мастер класс өткізіп, ашық сабақ немесе сыныптан тыс жұмысының панорамалық сабағын әр тәлімгер баяндап берді.
Сонымен қатар, жас оқытушы сабақ (оқу) жоспарын ұсына отырып, бейнесабақ/оқу, сондай-ақ бейнероликке қойылатын талаптар мен техникалық шарттарға сәйкес озық педагогикалық тәжірибені трансляциялады.«Smart оқыту құралдары» жас оқытушылар оқыту пәндері бойынша әзірлеген электрондық оқулық жобасын қорғады.
Колледж директордың оқу – ғылыми әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары, педагог – зерттеуші – Байгабылова Лаззат Тлектесқызы,
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары – Молдраимова Сыргүл Тұтқабайқызы
Балалар аурулар пәнінің оқытушысы, педагог-зерттеуші, Акимниязова Нағима Дайрабайқызы,
Арнайы пәндер – 1 (ішкі аурулар) бірлестігінің жетекшісі, педагог – зерттеуші, Жундабекова Сабира Сапарқызы,
Жалпы білім беретін пәндер бірлестігінің оқытушысы, педагог – зерттеуші, Жамалатова Гулмира Орынбекқызы қатысшылар еңбегін бағалады.
Байқау нәтижесінде жас мамандар ішінен
S- нақты мақсат қоя алатын
М – күтілетін нәтижелерін өлшемдерге сәйкес
А – Қол жетімді ақпараттармен бөлісетін
R – Тиімді әдіс қолдана отырып
T – берілген уақытты дұрыс қолданатын
«SMART USTAZ-2025» анықталды. Олар бас жүлде иегерлері: Арнайы мейіргер ісі пәнінің оқытушысы – Дастан Азамат Асылханұлы, тәлімгері Зейнебай Гүлзира Ермұратқызы, Сейілханова Айгерім Әкімтайқызы.
Жүлделі І-ші орынды Арнайы мейіргер ісі пәнінің оқытушысы –Махмут Қылышбек Жеткергенұлы, тәлімгері Жумашева Светлана Абайқызы жеңіп алды.
Ал жүлделі ІІ-орынды Ортопедиялық стоматология пәнінің оқытушысы Абдукаликова Жазира Сабитқызы, тәлімгері Сейілханова Қаламқас. Медициналық әлеуметтік оңалту пәнінің оқытушысы Айдарбек Нұрбек Батырбекұлы және тәлімгерлері Асаинова Үмітай Тұралықызы, Есенгалина Салтанат иеленді.
ІІІ-орынды Биология пәнінің оқытушысы – Ергабулова Гүлназ Өмірзаққызы иемденді.
Үнемі ізденіс үстінде жүретін әріптестерімізді жетістіктерімен құттықтаймыз!