«СЫРҒАЛЫМ» КЛУБЫНДАҒЫ КЕЗДЕСУ
Қызылорда медициналық жоғары колледжінің «Сырғалым» клубы кезекті жиынын өткізді.
Парасатты да тәрбиелі қыздар – қоғамның ортаймайтын ең құнды қазынасы. «Қоғамды тәрбиелеймін десең, қызыңды тәрбиеле» деген қағиданың мәні зор. Қыздарды жат қылықтан аулақ болуға шақырған кездесу отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың және ерте жүктіліктің алдын-алу, болдырмау туралы өзекті тақырыпқа арналды.
Жиынға Қызылорда облысының Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімі, Ішкі істер органдарының әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі жұмысын ұйымдастыру тобының аға инспекторы, полиция аға лейтенанты Артықбаева Еркебала Сапарқызымен, Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімінің аға инспекторы полиция майоры Ильясова Гүлжан Каһаршақызы және 1-2 курс білім алушылары қатысты.
Колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Сыргүл Тұтқабайқызы мен сала мамандары отбасылық тұрмыстық зорлық –зомбылықтың алдын алу және болдырмау туралы және жасөспірім қыз балдардың ерте жүкті болудың қауіптілігі туралы кеңінен айтты. Полиция қызметкерлері тақырып аясында құқықтық түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
«Ақылды қыз білімге жүгінер, ақылсыз қыз сөзге ілігер» деген, заманы бөлек десек те қыздардың ұлттық тәрбиені ұмытпағандары абзал. Қонақтар қыздардың көптеген сұрақтарына жауап беріп, ата-ананы құрметтеуге, әдеп пен инабаттылықты ту етіп ұстауға шақырды.