АЙМАҚТЫҚ СЕМИНАР ӨЗЕКТІ ТАҚЫРЫПҚА АРНАЛДЫ
Қызылорда медициналық жоғары колледжінде «Медициналық колледждегі білім беру процестерінің призмасы арқылы балалардың жағымсыз тәжірибесінің салдарының алдын алу» атты аймақтық семинар өтті. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы, Қызылорда медициналық жоғары колледжі, Қазақстандағы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының елдік кеңсесімен бірлесіп ұйымдастырды.
Семинарға Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері және Қызылорда, Жамбыл, Түркістан облыстары мен Шымкент қаласының медициналық ұйымдарының басшылары, әлеуметтік қызметкерлер, психологтар, дәрігер-психиатрлар қатысты.
Модератор Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Искаков Олжас Ермекұлы жағымсыз балалар тәжірибесінің таралуы мен әсерін түсіну қоғамдық денсаулық сақтау, психология, әлеуметтік жұмыс және білім берудегі маңызды бағытқа айналғанын айтты. Ескалиева Алтынай Тукеновна – ҚР ДСМ «Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығы» ШЖҚ РМК бас директоры балалардың жағымсыз тәжірибесі жағдайларын азайтуға, балалар мен қауымдастықтардың өміршеңдігін арттыруға, сондай-ақ оңалту арқылы жағымсыз балалар тәжірибесі әсерін азайтуға бағытталған семинардың маңыздылығын атап өтті. Облыстық білім басқармасы басшысының Есенбаев Бекжан Шахизатұлы өскелең ұрпақтың өмірі мен болашағына қамқорлық танытуды, назар аударуды қажет ететін өзекті тақырыптың қозғалғанына ризашылығын білдіріп, семинар қатысушыларына сәттілік тіледі.
Семинардың негізгі мақсаты – заманауи зерттеулер мен ғылыми негізделген қағидаттар негізінде Қазақстанның медициналық колледждеріндегі білім беру процесінің призмасы және мейіргер қызметі арқылы медициналық колледж студенттерінің Жағымсыз балалар тәжірибесінің зерттеу нәтижелерімен танысу және Жағымсыз балалар салдарын азайту жөніндегі шараларды бірлесіп әзірлеу.
Семинарға Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің стратегиалық дамыту бөлімінің департаминтінің басшысы Ахметияз Лаура Мухамеджанқызы, Қазақстандағы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының елдік кеңсесінің жетекшісі Скендер Сыла онлайн қосылды.









