АЙМАҚТЫҚ СЕМИНАР ТОПТЫҚ ЖҰМЫСПЕН ЖАЛҒАСТЫ
Қызылорда медициналық жоғары колледжінде «Медициналық колледждегі білім беру процестерінің призмасы арқылы Жағымсыз балалар тәжірибесінің салдарының алдын алу» атты аймақтық семинары екі пленарлық отырвс және топтық жұмыспен жалғасты.
Бірінші пленарлық отырыс «Жағымсыз балалар тәжірибесі. Қазақстандағы нәтижелер. Теория және тәжірибе» деген атпен өтті.
Қазақстандағы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының елдік кеңсесінің психикалық денсаулық жөніндегі кеңесшісі Николай Негай «Медициналық жоғары колледж студенттері арасында Жағымсыз балалар тәжірибесінің таралуының зерттеу нәтижелері» және «Әлеуметтік оқшаулану – балалық шақтың жағымсыз тәжірибесінің мысалы» тақырыптарында баяндама жасады.
«Қазақстан Республикасында психикалық денсаулық сақтау қызметін жаңғырту. Психикалық денсаулық саласындағы қызметті бағалау және көмек көрсетудің негізгі бағыттары» тақырыбында ҚР ДСМ «Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығы» ШЖҚ РМК бас директоры Ескалиева Алтынай Түкенқызы баяндады. Сонымен қатар, «Ата-аналарды қолдауға араласудың тиімділігінің дәлелі» тақырыбын Қазақстандағы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының елдік кеңсесінің «Ата-ана» бойынша кеңесшісі Акбота Абильдина тарқатты. Балалық шақтағы зорлық-зомбылық баланың денсаулығы мен әлеуметтік әл-ауқатына тікелей әсер етіп қана қоймай, оның болашақ өміріне, денсаулық тұрғысынан да әсері бар. Сондықтан семинар «Жағымсыз балалар тәжірибесінің салдарын азайту. Дәлелденген тәжірибелер мен әлемдік тәжірибе» атты екінші пленарлық отырысын өткізді. Онда «Мектептегі денсаулық сақтау және Жағымсыз балалар тәжірибесінің алдын-алу шаралары: Мамандарға қандай құзыреттіліктер қажет?» Қазақстандағы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының елдік кеңсесінің «Ата-ана» бойынша кеңесшісі Акбота Абильдина баяндама жасады.
«Мейірлерге арналған медициналық білім: денсаулық сақтау саласындағы кадрларды дамытудың маңызды құрамдас бөлігі» тақырыбында Қазақстандағы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының елдік кеңсесінің Денсаулық сақтау саласындағы саясат жөніндегі кеңесшісі Stela Gheorghita семинарға онлайн қосылды. «Жағымсыз балалар тәжірибесінің салдарының алдын алу тәсілдері – дәлелденген тәжірибелер» тақырыбын Қазақстандағы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының елдік кеңсесінің психикалық денсаулық жөніндегі кеңесші Николай Негай тарқатты.
«Жағымсыз балалар тәжірибесінің салдарын азайту. Елдердің тәжірибесі» тақырыбын Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық аймақтық бюросының Аймақтық техникалық офицері Jonathon Passmore бөлісті.
Аймақтың семинардың үшінші кезеңі топтармен жұмыс болды. Онда семинарға қатысушылар топқа бөлініп, мамандармен бірге түрлі тақырыпта тәжірибе алмасты.








