АБАЙ ҚҰНАНБАЕВ МҰРАСЫ — АСЫЛ ҚАЗЫНА
Республикалық ғылыми- педагогикалық кітапханасы ұйымдастырумен Абай Құнанбаевтың 180 жылдығына орай «Менің сүйікті кітабым – Абай шығармалары» атты білім беру ұйымдары арасында республикалық челленджі өтіп жатыр.
Челленджді Қызылорда медициналық жоғары колледжі қабыл алды. Бүгінде өз алдына тәуелсіздік алып, егеменді ел, дамыған өз жолы бар мемлекет атанған Қазақстан Республикасы өз ұл – қыздарын, халық арасынан шыққан дана ғұламалары мен ақындарын, батырлары мен дүл-дүл шешендерін, кейінгі ұрпаққа жеткізіп, танытып отырады. Олардың әрбір жақсы сөзі мен іс-әрекетін насихаттап, мерейтойларын атап өтуде. Абай Құнанбаевтың туғанына 180 жыл толуына байланысты колледжімізде ақын шығармаларын насихаттап, түрлі іс-шаралар өтуде.