«Лудомания болашақтың дерті»
Қызылорда медициналық жоғары колледжінде “Лудомания болашақтың дерті” тақырыбында колледжішілік «Global» дебат клуб мүшелері, колледж білім алушыларымен пікірсайыс өтті. Лудомания жайлы жалпы ұғым, адамның дамуына кері әсері, ойынқұмарлыққа салынудың адам психикасына тікелей әсері т.б. жайт талқыланды. Жастардың ойлау қабілетін арттыру және өмірлік құндылықтарды саналы түрде қалыптастыруды үйрету, мағлұмат беру мақсаты орындалды. Турнирге қатысқан фракциялар 1,2,3 орынмен және үздік спикер, үздік төреші номинациясымен марапатталды.



