ЖАСТАР ТАҒЫЛЫМДЫ ШАРАҒА ҚАТЫСТЫ
Елімізде Наурызнама онкүндігі «14 наурыз – «Көрісу күні – Амал мерекесінен» бастау алды. Дәстүр бойынша осы күні қыстан аман шыққан жұртымыз төс қағысып көрісіп, жаңа жылдың берекелі болуын тілеген. Ағайынды жақындастырып, өзара татулығын арттыратын маңызды күні «Анаға тағзым» орталығында «Амал келді, жыл келді!» атты мерекелік шара өтті.
Көнеден келе жатқан ұлттық мейрамның мәнін ашып, ұмытылып бара жатқан әдеп-ғұрыптарымызды өскелең буынға дәріптеу мақсатында ұйымдастырылған шараға колледждің «Мейіргер ісі» және «Емдеу ісі» мамандығының студенттері де қатысты. Жастар ұмытылып бара жатқан «Аластау» дәстүрі, «Жарапазан» ғұрыптық әні, Бәдік жыры тұсаукесер рәсімдерін тамашалады.