ЖАТ ҚЫЛЫҚ ЖАҚСЫЛЫҚҚА АПАРМАЙДЫ
Колледж білім алушыларымен облыстық прокуратураның басқарма аға прокуроры Бағдат Жусіпбековпен колледж студенттері кездесті. Кездесудегі мақсат -кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасында болатын қылмыстардың алдын-алу. Прокуратура өкілі қоғамда жасөпірімдер тарапынан болатын қылмыстар жазасыз қалмайтындығын айтты. Есірткі, буллинг, интернет алаяқтық, түнгі мезгілде жүру, өтірік құжаттардан сақтану, лудомания тақырыптары бойынша кеңінен ақпарат берді.
Кездесуде білім алушылар прокуратура өкіліне сұрақтар қойды. Кездесу қонағы құқық қорғау саласының өкілі ретінде барлық сұрақтарға жауап берді.


