Жасөспірімдер арасындағы ерте жүктіліктің және суицидтің алдын алу
Облыстық Жастар Денсаулығы Орталығының маманы Құлмұратова А.А, Облыстық Психикалық Денсаулық Орталығының психологтары Абдеш А.А, Тулеубай А.А, Облыстық Жастар Ресурстық Орталығының маманы Төремұрат Н. «Жасөспірімдер арасындағы ерте жүктіліктің және суицидтің алдын алу» тақырыбында колледждің қыз балаларымен сұхбаттасты. Мамандар қазіргі таңдағы өзекті мәселелері-ерте жүктілік және суицид жайында кеңінен ақпарат берді.
Сонымен қатар кәмелет жасқа толмағандардың жыныстық тиіспеушілігі бойынша қылмыстық кодекске енгізілген өзгерістер жайлы түсіндірме жасады.


