ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ
Қызылорда медициналық жоғары колледжінде Жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын-алу бойынша кездесулер өтті.
Бүгін Кызылорда қалалық полиция басқармасы ЖПҚб ЮПб УПИ-ры полиция капитаны А.Досмағанбетов колледжінің І курс білім алушыларына жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттерін түсіндірді.
Кездесудерде көшені ластамау, түнгі сағат 22.00-ден кейін заңды өкілінсіз көшеде жүрмеу, бір-біріне қысым көрсетпеу, буллинг, кибербуллинг, лудоманиядан сақтану, уытты заттардан аулақ болу, әлімжеттік жасамау, бөтеннің мүлкіне қол сұқпау, интернет алаяқтықтан сақтану сияқты мәселелерді қамтыды. Аталған қылмыстар бойынша жасөспірімдерге де қарастырылған жазалар жайлы айтты.

