ОТБАСЫ — ТӘРБИЕ МЕКТЕБІ
Бүгін колледжде І курсқа жаңадан қабылданған білім алушылардың ата-аналарына арналған жиналыс өтті. Жиынды директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Сыргүл Молдраймова ашып, «Бала тәрбиесіндегі отбасының ролі» тақырыбында баяндама жасады. Ол колледждің тарихына, оқу орнының ерекшелігіне, тәрбиелік бағыттағы жұмыстар мен алдағы міндеттерге тоқталды.
Кездесу барысында мәдениет қайраткері, белгілі жырау Берік Саймағанбетов сөз алып, «Сыр сүлейлерінің жырларындағы – тәрбие өзегі» мәселесін көтеріп, ұлттық құндылықтарды ұрпақ тәрбиесіне сіңірудің маңызын атап өтті.
Сонымен қатар, колледж психологы Жансәуле Әшімова ата-аналарға «Бала тәрбиесінде жіберілетін қателіктер» тақырыбында психологиялық кеңестер берді.
Жиналыс ата-ана мен оқу орнының бала тәрбиесіндегі ынтымақтастығын нығайтып, маңызды пікір алмасуға жол ашты.















