Қызылорда жоғары медициналық колледжінде ашық сабақ
«Жүрек-қан тамыр жүйесі бұзылыстары кезіндегі мейіргерлік көмек және күтімді ұйымдастыру» тақырыбында ашық сабақ өтті.
Арнайы мейіргер ісі пәнінің оқытушысы Махмут Қылышбек Жеткергенұлы ҚБ-58 топ студенттеріне дәріс өтті.
Сабақ барысында заманауи медициналық білім берудің озық бағыттарының бірі – жасанды интеллект (ЖИ) технологиялары тиімді қолданылып, студенттердің клиникалық ойлау дағдыларын дамытуға баса назар аударылды.
Интерактивті тапсырмалар, ЖИ көмегімен әзірленген клиникалық жағдайлар, сондай-ақ мейіргерлік күтімді жоспарлауға арналған топтық жұмыстар сабақтың мазмұнын байытып, студенттердің қызығушылығын арттырды.
Ашық сабақ өз мақсатына толық жетіп, болашақ мейіргерлердің кәсіби құзыреттерін қалыптастыруға маңызды үлес қосты. Студенттер теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастырып, жүрек-қан тамыр жүйесі аурулары бар пациенттерге күтім көрсетудің негізгі аспектілерін меңгере алды.
Оқытушы: Махмут Қылышбек Жеткергенұлы
Топ: ҚБ-58
Тақырып: Жүрек-қан тамыр жүйесі бұзылыстарындағы мейіргерлік көмек
Ерекшелігі: ЖИ технологияларын қолданған ашық сабақ.









