«XXI ҒАСЫР – НАҚТЫ ҒЫЛЫМДАР ҒАСЫРЫ» АТТЫ АПТАЛЫҚ АШЫЛДЫ
«Жалпы білім беретін пәндер – 2» бірлестігінің«XXI ғасыр – нақты ғылымдар ғасыры» атты апталығының ашылу салтанаты өтті.
Апталықтың негізгі мақсаты – жаңа технология элементтерін қолдана отырып, білім алушылардың математика, физика және информатика пәндері бойынша білімдерін тереңдету, пәндерге деген қызығушылықтарын арттыру және логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
Іс-шара барысында білім алушылар экран арқылы ұсынылған материалдарды тамашалап, физика, математика және информатика пәндері бойынша өз білімдерін толықтырды.
Сондай-ақ апталық аясында қызықты интеллектуалды сайыстар, дөңгелек үстелдер мен конференциялар өткізілетіні хабарланып, білім алушыларды белсенді қатысуға шақырды.
Апталық мазмұнды әрі қызықты шараларға толы болмақ.









