Жастар қауіпсіздігі – басты назарда
Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық фактілерінің артуы қоғамда алаңдаушылық туғызуда. Осыған байланысты облыстық білім басқармасының тапсырмасына сәйкес бүгін колледжімізде білім алушылармен профилактикалық кездесу өтті.
Кездесуге учаскелік полиция инспекторы, ҚҚб ЮПб УПИ-ры Романов Батырбек қатысып, жастар арасындағы әлімжеттік, ұрлық, буллинг, интернет-алаяқтық, лудомания, есірткі және уытты заттарды қолдану секілді құқықбұзушылықтар мен қылмыстардың салдары туралы түсіндірді. Сондай-ақ, жаз мезгілінде жастардың көшеде көп жүруіне байланысты түрлі құқықбұзушылықтардың орын алу қаупі артатынын айтып, заң аясындағы жауапкершілік туралы ақпарат берді.
«Заң және тәртіп» қағидаты аясында білім алушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру және қылмыстың алдын алу бағытындағы түсіндіру жұмыстары алдағы уақытта да жалғасады.













