БІЗ БУЛЛИНГКЕ ҚАРСЫМЫЗ: «ДОСБОЛLAIK» АКЦИЯСЫН ҚОЛДАҢЫЗ!
Қызылорда медициналық жоғары колледжінде студенттер арасында достық, сыйластық және өзара түсіністік құндылықтарын дәріптеу мақсатында айтулы іс-шара өтті. Оқу орнымыздың «Емдеу ісі» бөлімі, 62-топ студенттері қоғамдағы өзекті мәселелердің біріне үн қосып, «ДОСБОЛLAIK» достық қолын ұсын атты ауқымды акциясын ұйымдастырды.
Іс-шараның негізгі мақсаты: Студенттер арасында буллингтің (қорқытып-үркіту, шеттету, психологиялық қысым көрсету) кез келген түріне жол бермеу, білім алушылар арасында мейірімділік пен өзара қолдау ортасын қалыптастыру және жастарды татулық пен бірлікке шақыру. Болашақ медицина мамандары ретінде адам өмірі мен денсаулығы ғана емес, оның жан дүниесінің қауіпсіздігі де басты назарда болуы тиіс екенін көрсету.
Бұл маңызды бастаманың жоғары деңгейде өтуіне «Емдеу ісі» бөлімінің меңгерушісі Алмағанбетова Елизавета Батырханқызы мен 62-топ жетекшісі Әлиакбар Қамарсұлу Махмұтқызы тікелей бағыт-бағдар беріп, жетекшілік етті. Ұстаздардың қолдауымен студенттер қоғамдық белсенділік танытып, өзекті мәселені айналып өтпеді.
Акция аясында 62-топ студенттері арнайы бейнероликтер сериясын түсірді. Видеода белсенді жастар буллингке қарсы өз позицияларын нақты білдіріп, қатарластарын «ДОСБОЛLAIK» қозғалысын қолдауға шақырды. Студенттер өз ұрандары арқылы әрбір адамның бірегей әрі құнды екенін, ал шынайы күш — қысым көрсетуде емес, достық қолды соза білуде екенін жеткізді.
Бұл бастама — жастардың саналылығы мен қоғамдық жауапкершілігінің жарқын үлгісі. Әрбір студенттің қауіпсіз, жайлы және достыққа толы ортада білім алуға құқығы бар!
Біз буллингке ТЕГІС ҚАРСЫМЫЗ! Бірге болайық, дос болайық!









