Соңғы оқиғалар
Латвия мемлекетінде Латвия университеті Рига I медициналық колледжінде «Тұрақты және тұтас денсаулық сақтау» атты Халықаралық конференция өтті. Мақсаты тәжірибе алмасу, профессор – оқытушылар құрамының ынтымақтастығын арттыру. Онда Латвия, Чехия елдерінің ғалымдарымен бірге Қызылорда Жоғары Медициналық Колледжінің оқытушысы Зейнебей Гүлзира Ермұратқызы да еліміздің атынан қатысты. Ол «Халықаралық озық тәжірибелер: Мейіргер ісінде…
«Заң мен тәртіп» идеологиясы аясында колледжде білім алатын ержігіттермен кездесу өтті. Оған Қызылорда ҚПБ криминалдық полиция бөлімінің аға жедел уәкілі Касимов Е.М., Қызылорда ҚПБ-ның ЖПҚб ЮПб УПИ-ры полиция капитаны Досмағанбетов А. қатысып , ер балалар арасында кездесетін құқыбұзушылықтармен, салдарымен таныстырып өтті. Сондай-ақ, қоғамдағы ер адамның, ұлдың міндетін ерекше атап өтті….
1 желтоқсан – Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне орай колледжімізге АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының дәрігері Жұмабекова Гүлсім Рахманбергенқызы келіп, білім алушыларға қатерлі дерттен сақтану жөнінде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Дәріс барысында маман ЖИТС (СПИД) – иммундық жүйенің зақымдануы нәтижесінде ағзаның қорғану қабілетінің төмендеуінен туындайтын аса қауіпті жағдай екенін түсіндірді. Сонымен…
30 қараша күні Асқар Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет үйінде «Атадан – мұра» қоғамдық қоры ұйымдастырған «Ұлы Дала ұрпағы» атты республикалық көркем сөз оқу байқауы болып өтті. Байқауға колледжіміздің 1 курс білім алушысы Сәруар Ақниет Ілиясқызы қатысып, жүлделі 2- ші орын иеленді. Ақниет Диплом, медаль, статуэтка және Алматы қаласында және шет…














