ШЫНЫҚСАҢ ШЫМЫР БОЛАРСЫҢ!
Бүгін колледж оқытушылары арасында жыл сайын дәстүрлі өтетін спорттық және ұлттық ойындардан спартакиада болып өтті.
Жарысқа 6 команда спорттың 6 түрінен сайысқа түсті.
Жалпыкомандалық есепте 1орынды Емдеу ісі-1 бөлімі жеңіп алды, 2-орын Фармация мен Бакалавр бөлімдерінің қанжығасына түссе 3-орынды Емдеу ісі-2 бөлімі місе тұтты.
Айта кетейік, қазір уақытта оқу процесінің графигі бойынша барлық білім алушылар каникулда. Осы кезде колледж қызметкерлері мен оқытушылары творчестволық және салауаттылық бейінге көп уақыт бөлуге дағдыланған.






