Облысымыздағы жасөспірімдер арасында болып жатқан топтық төбелес жағдайы барша халықты алаңдатып отыр.
Облысымыздағы жасөспірімдер арасында болып жатқан топтық төбелес жағдайы барша халықты алаңдатып отыр. Осыған орай Облыстық білім басқармасының басшысы білім ордалары қызметкерлерінің тыныштыққа атсалысуын тапсырған болатын.
Бүгін колледж директоры, тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, белсенді ата ана, қамқоршылық кеңес мүшесі, учаскелік полиция, әлеуметтік педагог, психолог, топ жетекшілерінен мобильдік топтар құрып, бүгін кешкі уақыттан бастап қалада орналасқан барлық ойын сауық орындары, кафе ресторан, студенттердің арнайы жиналатын орындарына рейд жүргізді.