Сәуір айының 27-і күні Қызылорда медициналық жоғары колледжі кітапханасы оқу залында Төлен Әбдіковтың «Өліара» романына М-103 топ студенттері арасында талдау жасалынды.
Төлен Әбдіковтың “Өліара” романы ел өмірінің тарихи күрделі кезеңіндегі әлеуметтік-саяси, мәдени-рухан ахуалын суреткерлікпен зерделеп, көркем бедерлеген белесті шығарма. Тәрбие сағатының тақырыбымен, негізгі мақсатымен топ жетекші Әлімжанова Айгерім таныстырып шықты. Жалпы Төлен Әбдіковтың өмірбаяны, шығармашылығымен, оның туындыларымен кітапхана меңгерушісі Раманкулова Айнұр Есенжолқызы топқа түсіндіріп өтті.
Бұл шығарманы оқу барысында әр кейіпкердің көңіл-күйі, қуанышы сезіліп,олардың қуанышы мен қайғысы, әрбір адамзаттың көзіне жас келетіні анық. «Өліара» романы,сонау ХХ ғасырдың алғашқы жартысындағы коллективтендіру кезеңін қамтиды.Бұл шығармада совет үкіметі толықтай орнап үлгермеген шағын ғана Ақшоқы ауылының сол замандағы ел тағдыры өте шынайы берілген,кейіпкерлері мүлде бір-біріне ұқсамайтын,ерекшелігімен есте қалатын,жазушы қиялындағы адамдар екенін атап өтті.