Қызылорда облыстық Білім басқармасымен бірлескен жоспар негізінде Қызылорда медициналық жоғары колледжінің кәмелет жасқа толмаған жасөспірімдер арасында уытты заттарды алдын алу мақсатында «Салауатты өмір салтын ұстану-ел болашағы» тақырыбында сала мамандарымен кездесу өткізілді. Кездесуге колледждің жаңадан оқуға қабылданған білім алушылары қатысты.
Кездесу барысында Қызылорда облыстық психикалық денсаулық орталығының маманы Әбдеш Әсел, Жастар денсаулығы орталығың маманы Алмурзаева Гүлдана мен колледж әкімшілігі бірлесе отырып түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты өскелең жас ұрпақты жеке бас денсаулығы мен қоғамдық ортаға бейімделіп, тәрбиелі, білікті маман болуға үлес қосу.